Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Жаңалықтар

Жамбыл облысында ондаған келі марихуана жасырылған жерасты қоймалары табылды

Елімізде “Қарасора-2026” операциясы өтуде

Жамбыл облысында “Қарасора-2026” операциясы аясында 120 келі дайын есірткі мен оны дайындауға арналған шикізат тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Меркі ауданы Қарасу ауылының маңында жерасты жасырын орнынан 20 келі марихуана алып жатқан кезде бұрын есірткі өткізгені үшін бірнеше рет сотталған жергілікті тұрғын қылмыс үстінде ұсталды.

Шу ауданында зауыттардың бірінің маңында бес қап кептірілген марихуанасы бар жасырын орынды қазып, ашу кезінде үш жергілікті тұрғын құрықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 72 келі болған. Айт кету керек, ұсталған дайындаушылардың екеуі бұрын есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, Түрксіб станциясында Шу — Тәтті теміржол аралығында екі жергілікті тұрғын ұсталды, олардан 25 келі құрамында есірткісі бар қарасора өсімдігі тәркіленді.

Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың барлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндірістер басталды. Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды.