Сабыржан Аққалықов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдені ...
Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде ұлттық құраманың екі боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
70 келіде Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда бельгиялық Анас Каддуримен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Отандық былғары қолғап шебері өткен жылдың соңында Таиландта өткен Азия чемпионатында топ жарған болатын.
Сондай-ақ, батысқазақстардық Даниял Сәбит 50 келіде жартылай финалда Бельгия боксшысы Редуан Ассаиден басым түсіп, финалға өтті.
Бұдан бөлек, 65 келіде Ертуган Зейнуллинов финалға шығар жолда әзірбайжандық Али Абдуллаевтың осал тұсын таба алмады.
Айта кететін жайт, Eindhoven Cup турнирі маусым айының 6-9 аралығында өтеді.
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдені ...
Дубайда (БАӘ) IBA өткізіп жатқан 2025 жылғы дүбірлі доданың финалистері анықталды. Ақтық сындағы бәсекелер 13 желт ...
6 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатын ...