Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Өзін тергеуші ретінде таныстырып, балағат сөздер айтқан: Шымкентте бойжеткен ұсталды (видео)

Өзін тергеуші ретінде таныстырып, балағат сөздер айтқан: Шымкентте бойжеткен ұсталды (видео)

Шымкентте әлеуметтік желіде өзін тергеуше ретінде таныстырған бойжеткен қамауға алынды. Ол ұзақ бұзақылық жасағаны үшін 25 тәулікке қамалды, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, балағат сөздермен телефон арқылы қоқан лоқы көрсеткен Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны сот қаулысымен 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Аталған азаматша осыған дейін де ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Полиция азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және өзге адамдардың құқықтары мен тыныштығына құрметпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ кез келген құқық бұзушылық үшін заңнамада белгіленген жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай