Қазақстан полициясы жыл басынан бері жол жүру ережелерін бұзудың 226 мыңнан астам фактісін анықтады, 46 мыңнан астам көлік арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.
Атап айтқанда, көлік құралын алкогольге мас күйде жүргізудің 5 мыңнан астам фактісінің жолы кесілді, 4 мыңнан астам қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі анықталды.
46 мыңнан астам көлік арнайы тұраққа қойылды. Қауіпті көлік жүргізу және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне ерекше назар аударылады. Дрифт жасағаны үшін 372 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Мысалы Астанада дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Алматыда қала жолында дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
"Мұндай әрбір фактіге құқықтық баға беріледі. Бірнеше құқық бұзушылық анықталған жағдайда жауапкершілік белгіленген барлық құқық бұзушылық құрамы бойынша туындайды. Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жұмыстарды жалғастырады", – деп атап өтті ІІМ өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы



