
Гүлзира Айдарбекованың ұлы Қайрат Нұртасты ерекше жақсы көруі өзге балаларының қызғанышын тудырған, деп хабарлайды Kursiv.media.
Продюсер бұл туралы Айнұр Асенбердіге берген сұхбатында айтты.
«О баста Заңғар ренжіп жүрді. «Мамама Қайрат болса, болды» дейтін. Сосын оны отырғызып қойып, түсіндірдім. «Ол халықтың адамы. Тауға шығу оңай, бірақ түсу қиын. Абырой жинап, төмен домалап кетсең, қиын. Оны адам көтере алмайды», – дедім. Жұрт «баласын босатпай ма» дегенді айтып жатыр. Бірақ еңбегің бір күнде жоғалып кетпей ме деп те қорқасың. Қадағалайсың», – деді Гүлзира Айдарбекова.
Оның айтуынша, Қайрат Нұртастың танымалдығы өзге балаларына кедергі келтірмейді. Керісінше, қандай істі бастаса да, сәттілік әкеліп жүр. Қазір балалары Қайрат Нұртасқа деген ерекше махаббатына түсіністікпен қарайды. Ер жеткен. Отыздың үстінде. Өз жағдайларын өздері жасауда.
Айта кететін жайт, мұның алдында Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбековаға тосынсый жасаған еді.
Дереккөз: Курсив · Шадияр Өстемір



