Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Жетісу облысында тұрғын үй өртінен 3 бала қаза тапты

Жетісу облысында тұрғын үй өртінен 3 бала қаза тапты

Қайғылы оқиға 25 қыркүйек күні таңертең Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылында тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тілсіз жау Жетісу облысындағы тұрғын үйлердің бірінен шыққан. 

Алдын ала мәліметке сай, жалын тұтанған кезде балалардың анасы 13 жастағы баласымен бірге үйден сыртқа шығып үлгерген. Десе де, үйде тағы үш бала қалып қойған.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар тұрғын үйдің ішінен үш баланың денесін тапқан. Қаза болған балалардың жасы – 1, 6 және 8 жаста. 

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр. Оқиғаға қатысты басқа да мән-жайлар нақтылануда.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай