Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Шұғыл

«Бақыт тілеңіздер»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай шаңырақ көтерді

«Бақыт тілеңіздер»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай шаңырақ көтерді
фото: Instagram

Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде Олжас Абаймен бірге түскен фотоларын жариялап, бақыт тілеуді сұрады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ол фотолардың ішінде Олжас Абай актрисаның бетінен сүйіп тұрған сәті де бар. 

«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған», – деп жазды Дариға Бадықова.

Актриса әрі қарай «біз» деген сөзді қолданып, көпшіліктен бақыт тілеуін өтінген.  

«Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бірауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», – деп жазды Дариға Бадықова.

Сонымен қатар Дариғаға сырға салып жатқан сәттің де бейнежазбалары тарап жатыр.

Ақпараттарға қарағанда, Олжас қалыңдығының қалың малына 10 мың доллар берген.

Айта кететін жайт, Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев өзіне-өзі қол жұмсауға дейін барғанын айтып, ашық сот өткізгісі келетінін хабарлаған еді.

Дереккөз: Курсив · Шадияр Өстемір