Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Таразда 24 жастағы жігіт кісі қолынан қаза тапты

Таразда 24 жастағы жігіт кісі қолынан қаза тапты

Таразда 24 жастағы жігіт кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Куәгерлердің сөзінше, бірнеше адам азаматты пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Қайғылы жағдай көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.

Тұрғындар жедел жәрдем шақырғанымен ауыр жарақат алған жігітті құтқара алмады. Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді.

"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен күдікті тұлға ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында", – деді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай