Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Күнделік

Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты

Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты

Фото: Ақорда

Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Оның пікірінше, Siemens компаниясы Қазақстан нарығына енген 30 жыл ішінде бірқатар өнеркәсіптік жобаларды табысты іске асыруға атсалысқан.

Siemens AG вице-президенті өзара мүдделі бағыттарда ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытатынын растады.

Ол компанияның электр желілерін жаңғырту, цифрландыру, автоматтандыру, сумен жабдықтау салаларында технологиялық шешімдерді ұсына алатынын, сондай-ақ деректерді өңдеу орталығы инфрақұрылымына қатысуға әзір екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтты қабылдады.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Дереккөз: Qazaq Today · Марал Әділ