Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығындағы өрт: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығындағы өрт: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Жақында Алматыдағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының әкімшілік ғимаратында өрт шыққан еді. Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, тұрмыстық техника мен заттардың жанған. Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Денсаулық сақтау министрлігі зертханалардың зақымданбағанын және халыққа төнетін қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Масғұт Айқымбаев атындағы ұлттық ғылыми орталық – биологиялық қауіпсіздік саласындағы еліміздің негізгі мекемелерінің бірі. Мұнда эпидемиологиялық қадағалау, аса қауіпті инфекциялардың алдын алу және олармен күресу жұмыстары жүргізіледі.

"Мамандандырылған зертханалық жұмыстар жүргізілетін үй-жайларға от тиген жоқ, олардың герметикалық тұтастығы бұзылмады. Инфекциялық аурулардың таралу қаупі жоқ және халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", – деп мәлімдеді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Дереккөз: КТК

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы