Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Алматыда тұрғын үйлердің біріне тапсырыс жеткізген курьер полициядан бір-ақ шықты (видео)

Алматыда тұрғын үйлердің біріне тапсырыс жеткізген курьер полициядан бір-ақ шықты (видео)

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері ер адамға есірткі болуы мүмкін зат салынған қорапты жеткізген курьерге назар аударды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық полиция департаменті Instagram парақшасында Түрксіб ауданында болған оқиға туралы ақпаратты бөлісті. Департамент мәліметінше, курьер тұрғын үй кешендерінің біріне тапсырыс жеткізіп, патрульдік полицияның күдігін тудырған. Тәртіп сақшылары ер адамның соңынан барып, мән-жайды тексерді.

"Тексеру барысында полицейлер тұрғын үйге барды. Онда тапсырысты қолдану үшін күтіп отырған ер адам анықталды", – деп хабарлады полиция.

Тінту барысында полицейлер есірткіге ұқсас затты тапты.

"Курьер қораптың ішінде не бар екенін білмегенін түсіндірді. Үйде болған ер адам тапсырыстың өзіне арналғанын мойындады. Екеуі де аудандық полиция басқармасына жеткізілді", – деп толықтырды ПД.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Заттың қайдан шыққанын, оны сатып алу мән-жайы және әрбір қатысушының рөлі анықталуда. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Полиция курьерлерге ескертеді: күмәнді тапсырыстарға келіспеңіздер және ішінде не бар екені белгісіз сәлемдемелерді тасымалдамаңыздар. Мұндай жеткізілім ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай