Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Алматы облысында ер адамның көлігіне оқ атқандар ұсталды

Алматы облысында ер адамның көлігіне оқ атқандар ұсталды

Алматы облысында үш адам бір кісіге топтасып шабуыл жасап, көлігіне оқ атқан. Оқиға Іле ауданы Қосөзен ауылында болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан оқ тиген көлікті байқауға болады. Жәбірленушінің кім екені және қазіргі жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ. Ал күдіктілер бірнеше сағат ішінде ұсталып, қамауға алынды.

"Жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасының нәтижесінде бірнеше сағат ішінде жанжалға қатысқан барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі", – Алматы облысы полиция департаменті өкілдері.

Дереккөз: КТК

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай