Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Алматыда тапанша алып жүрген әйел ұсталды (видео)

Алматыда тапанша алып жүрген әйел ұсталды (видео)

Алматыда тапанша алып жүрген бар әйел ұсталды. Ол қаруды Есентай өзеніндегі қоршаудан тауып алғанын айтты. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда тапанша алып жүрген әйел ұсталды. Ведомство дерегінше, одан 9 мм калибрлі тапанша мен бес оқ табылған. Енді полицейлер қарудың қайдан келгенін және әйелдің қолына қалай түскенін анықтап жатыр.

"Кешкі сағат бестер шамасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жетісу ауданы Райымбек даңғылының бойында әйелді ұстаған. Тексеру кезінде одан тапанша мен бес оқ табылып, тәркіленді.

Ұсталған әйелдің айтуынша, ол қаруды осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған", – делінген хабарламада.

Алайда бұл мәлімет әлі тексерілуі керек. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің әрекетіне заң аясында баға беріледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай