Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Шымкентте танымал асаба қонақүй нөмірінде ұсталды (видео)

Шымкентте танымал асаба қонақүй нөмірінде ұсталды (видео)

Шымкентте 36 жастағы танымал тамада ұсталды. Ол есірткі заттарын заңсыз айналымымен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство дерегінше, Шымкент қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асабаны ұстаған.

"Ол Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны С. есімді азамат болып шықты.

Тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған.

Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және "мак" екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті. Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталуда.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай