Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

ҚМА: БҚО-да 251 млн теңге субсидия қолма-қол ақшаға айналдырылып, оның бір бөлігіне үй сатып алынған

ҚМА: БҚО-да 251 млн теңге субсидия қолма-қол ақшаға айналдырылып, оның бір бөлігіне үй сатып алынған

Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚМА-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тергеу мәліметінше, күдікті өзінің бақылауындағы "Агрокомплекс АРСЕН" және "ОнегеАгроСервис" ЖШС-лері арқылы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалды деген шығынды өтеу үшін уәкілетті органға инвестициялық субсидия алуға қажетті құжаттарды тапсырған.

Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған.

"Осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған.

Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған. Соттың рұқсатымен аталған мүлікке тыйым салынды", – делінген хабарламада.

Агенттік тергеу жалғасып жатқанын мәлім етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева