Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Каспийдегі қайғылы оқиға: қаза тапқан және аман қалған сарбаздардың жақындарына тегін әуе билеттері ұсынылады

Каспийдегі қайғылы оқиға: қаза тапқан және аман қалған сарбаздардың жақындарына тегін әуе билеттері ұсынылады


Air Astana және FlyArystan әуекомпаниялары Маңғыстаудағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан және аман қалған сарбаздардың жақындарына 3 қазанға дейін тегін әуе билеттерін ұсынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Air Astana компаниялар тобы, оның ішінде FlyArystan, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ аман қалған әскери қызметшілердің өздеріне тегін әуе билеттерін ұсынады.

Әуе билеттері 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 3 қазан аралығында ұшатын Air Astana және FlyArystan компанияларының барлық ішкі рейсіне ұсынылады", – делінген хабарламада.

Хабарламада жақын туыстарына ата-аналары, жұбайлары, балалары, сондай-ақ туған аға-інілері мен әпке-қарындастары жататыны айтылған. Әуе билеттерін рәсімдеу кезінде туыстық қатынасты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Әуе билеттерін рәсімдеу үшін келесі байланыс арналарына хабарласу керек:

FlyArystan

  • Email: help@flyarystan.com
  • Телефон: +7 727 331 10 10
  • WhatsApp: +7 702 702 0227

Air Astana компаниясының брондау және ақпарат орталығы тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді. Өтініш формасын толтыру керек немесе +7 702 702 00 74 WhatsApp нөміріне жазуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен әрі күрт нашарлап, жел екпінінің күшеюі салдарынан ашық теңізге 17 әскери қызметшіні алып кеткен болатын.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде үш әскери қызметші құтқарылды. Өкінішке қарай, 12 әскери қызметші қаза тапты.

Бүгін Қорғаныс министрлігі тағы екі әскери қызметшінің денесі табылғанын және іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын мәлімдеді.

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Тергеушілер 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алған, күдіктілер анықталды.

Бүгін – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева