Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Ақмола облысындағы жеке тұрғын үйден шыққан өрттен екі адам мерт болды

Ақмола облысындағы жеке тұрғын үйден шыққан өрттен екі адам мерт болды

Щучинск қаласындағы жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру барысында ер мен әйелдің денесі табылды – полиция бұл деректі тіркеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өңірлік ТЖД-ның мәліметінше, өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйден 1968 жылы туған ер мен әйелдің денесін алып шыққан.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті өндіруге өңірлік ТЖД-ның 16 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері де қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірген.

Бұл дерек Бурабай аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева