Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Шұғыл

Шакираның концертіне билеттер сатылымға шықты: сайтта мыңдаған адам кезекте тұр

Шакираның концертіне билеттер сатылымға шықты: сайтта мыңдаған адам кезекте тұр
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Колумбиялық әнші Шакираның Бішкекте өтетін концертіне билеттер сатылымға шықты. Сатылым басталған сәттен-ақ сұраныс жоғары болып, ресми билет сайтында электронды кезек пайда болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Билеттер 1 қазанда Бішкек уақытымен сағат 09:00-де, яғни Қазақстан уақытымен 08:00-де сатыла бастады. Оларды Қырғызстанның ресми GovTicket платформасынан сатып алуға болады.

Сатылым басталғаннан кейін сайтқа кірген қолданушылар автоматты түрде күту бөлмесіне жіберіліп жатыр. Мәселен, сатылым басталғаннан кейінгі алғашқы минуттарда кезекте 3 мыңнан астам адам болған. 3047-орында тұрған қолданушыға шамамен 68 минут күту уақыты көрсетілген.

Screenshot

GovTicket кезекте тұрғандарға парақшаны жаппау керегін ескертеді. Кезектегі орын сол браузер қойындысында сақталып, мәртебе автоматты түрде жаңарып отырады.

Шакираның концерті 18 қазанда сағат 19:00-де Bishkek Arena-да өтеді.

Бішкектегі концерт жарияланғаннан кейін қазақстандық жанкүйерлер арасында Шакираның Қазақстанға да келуі мүмкін бе деген сұрақ туындады. Бұған дейін әншінің Алматыда концерт өткізуі мүмкін екені айтылғанымен, әзірге Қазақстандағы концерт ресми түрде жарияланған жоқ.

Қазақстандық продюсер Мәлік Хасенов те әлеуметтік желіде Шакираның Қазақстанға келу мүмкіндігі туралы сұраққа «Күтіңіз» деп жауап берген. Алайда продюсер басқа мәлімет жарияламады.

Дереккөз: Курсив · Рауан Мутаир