Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ Қазақстан Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қаза тапқан сарбаздардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктен жалтармайтынын атап өтті.
"Біз қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыстамыз және оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатырмыз", – деп қосты министр.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатын болады", – делінген министрлік хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен нашарлауы және екпінді жел салдарынан Каспий теңізіне 17 әскери қызметші кетіп қалған болатын. Үшеуі аман, 14-і қаза тапты.
Бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. Сондай-ақ әскерилердің қаза болуына қатысты іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталғаны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Жұлдыз Кенжегалиева



