• 14-06-2025

Астана әкімдігі Мәсімовтің үйінен «бас тартты»

Астана әкімдігі Кәрім Мәсімовтің үйін коммуналдық меншікке қабылдамайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Tengrinews.kz редакциясының сауалына жауапта айтылған.

Астана қаласы активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ қазіргі уақытта аталған ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдау жоспарланбағанын мәлімдейді", – делінген ведомство жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі елорда әкімдігінің сұрауынан кейін әлеуметтік мақсатқа беріледі деп мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімовтің үйі аукциондарда сатылмай қалған еді.