Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Таяу Шығыста соғыс қимылдарының басталуына және азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген жоғары қауіпке байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таяу Шығыстағы жағдайға және азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген қауіптің жоғары деңгейіне байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі келесі ескертуге дейін Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінің үстінде, ішінде және оған жақын жерде ұшуларға толық тыйым салады.
"Бұл нұсқаулық қазақстандық әуе кемелерін пайдаланушылардың барлық тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, жүк және техникалық рейстеріне қолданылады. Нұсқау алынған сәттен бастап күшіне енеді және міндетті түрде орындалуға жатады. Тиісті аймақтағы жағдай өзгерсе, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департменті қосымша ақпарат жібереді", — делінген хабарламада.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қауіпті әскери шиеленіске байланысты маңызды мәлімдеме жасаған еді.
TOP
-
-
-
-
-
-
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Астанада полицейлерге арналған арт-терапия өтті
13.06 -
-
-
-
-
-
-
-