Дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жаһандық доданың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті. Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Спорт комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
48 келідегі Әбиба Әбужақынова шешуші сында былтырғы финалист Ассунта Скуттомен (Италия) жолығып, есе жіберді.
Қос спортшы 2023 жылғы Әлем чемпионатында қола жүлде үшін таласып, жеңіс италиялық спортшыға бұйырған еді.
Естеріңізге сала кетейік, Абиба бұған дейін 3 жыл қатарынан әлемдік додада жартылай финалға шығып, 2 мәрте қола жүлдегер (2022, 2024) атанған болатын.
TOP
-
-
-
-
-
-
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Астанада полицейлерге арналған арт-терапия өтті
13.06 -
-
-
-
-
-
-
-