Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Парижде қазақстандық танымал суретші Раушан Мамбекованың жеке көрмесі ашылды.
Ол 1990 жылдардың басында еңбектері Францияда таныстырылған алғашқы қылқалам шебері. Көрмеге 30 туынды қойылды. Олар әртүрлі техникамен салынған. Суретші қазақ фольклорына, оның ішінде, ертегілерге арнап салған иллюстрацияларымен де белгілі. Сондай-ақ Раушан Мамбекованың шығармашылығында әлем әдебиеті жауһарларының да орны ерекше. Ол туған жерінің мәдени дәстүрлерін насихаттауға көп көңіл бөлген. Сурешті биыл тірі болғанда 75 жасқа толар еді. Қазір оның туындылары әлем бойынша көптеген жеке коллекцияда сақтаулы. Мұрасының басым бөлігі Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік мұражай қорында.
Алуа Құсайынова, суретшінің қызы:
- Орталық Азияға қызығатындар суретші Раушан Мамбекованы жақсы біледі. Ол Қазақстанда да аса танымал. Кейбір адамдар аты-жөнін білмесе де, визуалды түрде көрсе, бірден таниды. Мысалы, күнтізбелерде бейнеленген Ер Төстік сериясын салған.
- Суреттер үлкен әсер қалдырады. Бояуларының өзі жан-дүниеңе ерекше әсер береді. Бұл картиналарда өте терең мағына бар екені сезіледі.
- Қазақстанды суретші арқылы тану мен үшін үлкен жаңалық болды. Оның суреттеріне қарап, шығармашылық иесінің жан-дүниесін сезінуге болады. Суретшінің мұрасымен танысқаныма қуаныштымын. Өте жақсы энергетикасы бар.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...