Қазақстан желтоқсанда экспортқа мұнайды азырақ шығармақ
Бұған украин дрондарының өткен айдағы шабуылынан кейін Ресейдің мұнай тиеу инфрақұрылымындағы жөндеу жұмыстарының тұра ...
Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалы резервуарлар паркінің толуына байланысты мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Energy monitor телеграм арнасының мәліметінше, Новороссийск аумағында 30-31 желтоқсан күндері күшті дауыл болады деп күтіледі. Ауа райының қолайсыздығы танкерлерге мұнай тиеу жұмыстарын қиындатып, соның салдарынан терминалдың резервуарлар паркі толып кеткен.
Осы жағдайға байланысты кеше Қарашығанақ жобасы мұнай өндіру көлемін айтарлықтай шектеді. Резервуарлардың толуына орай еліміздегі басқа да ірі мұнай өндіруші компаниялар да жақын арада өндіріс деңгейін төмендетуге мәжбүр болады.
Еске сала кетейік, 29 қарашада Новороссийск порты ауданында КТК-ның теңіз инфрақұрылымына ұшқышсыз құрылғылар шабуыл жасап, нәтижесінде ВПУ-2 тиеу құрылғысы айтарлықтай зақымдалған болатын.
Бұған украин дрондарының өткен айдағы шабуылынан кейін Ресейдің мұнай тиеу инфрақұрылымындағы жөндеу жұмыстарының тұра ...
Әлемдік нарықта мұнай бағасы құбылып тұр. Қара алтын құны әлемнің жетекші қор бижаларында қазір 62 доллар көл ...
Құмкөл кен орнында жасанды интеллект алғаш рет нақты өндірісте қолданылды. Отандық ғалымдар жасап шығарған цифрлық ж ...