Павлодарда бір топ бүлдіршін балабақшада ұшынып, ауруханаға түсті
Оқиғаға байланысты жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бо ...
Жамбыл облысында уланған балалар саны өсті. Зардап шеккендердің арасында үш айлық бала мен мектеп оқушылары бар, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазір ауруханада 14 бала мен бір ересек адам бар. Тоғыз бала үйде ем алып жатыр. Бір бала жан-жақты тексеру және одан әрі емдеу үшін облыс орталығына жеткізілді.
"Ауруханаға жатқызылғандар арасында балабақшаның 10 тәрбиеленушісі, үш айлық бала және үш мектеп оқушысы бар", — деді Жамбыл облысы әкімдігі өкілі.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес арнайы топ құрылып, олар әр баланың жағдайымен танысып, жағдайды зерделеп жатыр. Оған қоса ауру неден шыққаны анықталып жатыр.
"Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеріс жұмыстарын бастады, барлық сынама алынды, қорытындысын күтеміз", — деп жазылған өңір әкімдігі мәліметінде.
Ербол Қарашөкеев туындаған жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді. Меркі ауданы әкімі Ербол Жиенқұловқа оқиғаға қатысты ақпаратты дер кезінде хабарлау, сырқат балалар мен олардың ата-аналарына жан-жақты қолдау көрсету жүктелді.
Облыс әкімі бұл оқиғаны жеке бақылауда ұстайтынын айта келе, кемшілікке жол берген жауапты тұлғалардың жауапкершілігі қаралатынын қатаң түрде ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында балалар жаппай уланғаны хабарланды. 17 наурызда Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі "Нұрай" бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі жеткізілген.
Оның ішінде 9 жағдай жіті ішек инфекциясы, 1 жағдай энтеровирус инфекциясы диагнозымен тіркелген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Оқиғаға байланысты жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бо ...
Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жамбыл облысына жұмыс сапары бары ...
Түркістанда алты ай бұрын антисанитарлық жағдайларға байланысты жабылған кафеде тағы да 14 адам уланды. Жарты жыл бұ ...