Жеңісті Берлинде қарсы алған сарбаз сұхбат берді
Екінші дүниежүзілік соғысқа Қызылорда облысынан 150 мың сарбаз аттанып, олардың тек 60 мыңы ғана елге оралд ...
Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде Қостанайдағы автомобиль көлігі
колледжінің тәжірибесін еліміздің солтүстік өңірлерінде кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті. Бұл оқу орны несімен ерекшеленеді? Кәсіптік білім беру ісінде қандай жаңашылдықтарды енгізуде?
Колледжде төрт жыл бұрын алғашқы қазақ тобы ашылған болатын. Бүгінде олардың саны жетеуге жетті. Барлығы 160-қа жуық студент мемлекеттік тілде техник-механик мамандығын меңгеріп жатыр.
Елдияр Әзбергенов, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің арнайы пән мұғалімі:
- Олардың үштен бір бөлігі Батыс Қазақстаннан келген, ал қалған студенттеріміз еліміздің басқа облыстарынан келген. Сол студенттер үшін біздің колледжде әдістемелік құралдар шығарылды. Студенттер өздерінің білімдерін жетілдіру үшін бүкіл мүмкіншіліктер бізде бар. Подшипникті алатын болсақ, ол мойын тірек болады, коленчатый валды алатын болсақ, иінді білік болады қазақ тілінде.
Мағауия Қалиев, тілші:
- Қазақ тіліндегі техникалық терминдердің бірізділігін қалыптастыру үшін колледж мамандары, міне мынандай, «машина жасау терминдерінің сөздігі» деген оқулық құрастырып шығарған. Онда мыңнан аса автомобиль бөлшектерінің суреттері, қазақша атаулары мен оның түсініктемесі беріледі.
Былтыр тек қана Жаңаөзен қаласынан 27 жас жігіт осы колледж студенттері қатарын толықтырды. Олардың барлығы техник-механик мамандығы бойынша білім алып жатыр. Болашақта Қостанайдағы автозауыттарда жұмыс істеуге ниетті.
Жанболат Темірхан, студент:
-Оқу қазіргі таңда оңай. Қазақ тілінде барлық бағдарламалар. Жәй-жәйдан үйреніп келе жатырмыз. Қазір біз практикадамыз. Практикада жеңіл автокөліктерін жөндеу туралы өтіп жатырмыз.
Мемлекет басшысы «кәсіби техникалық колледждер еңбек нарығындағы жағдайды, жаңа мамандықтарға сұранысты үнемі ескеріп отыруы тиіс» деді. Бұл тұрғыда Қостанай автомобиль көлігі колледжін үлгі етіп, атап өтуі тегін емес.
Дмитрий Павленко, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры:
- Соңғы төрт жылда колледжде машина жасау саласы бойынша 7 мамандық ашылды. Өңірде жаңа өндіріс орынының жобасы қарастырылып жатқанда біз оған мамандар дайындауға кірісеміз. Мысалы шойын құю зауыты салына бастағанда, елімізде бірінші болып қалыпқа құюшы, шойын құюшы деген мамандықтар бойынша оқытуды қолға алдық. Сөйтіп нарық сұранысына тез икемделуге тырысамыз.
Өңірде бірнеше ірі өндіріс орындарының ашылуымен жұмысшы мамандарға сұраныс артқан. Сондықтан колледж алдағы оқу жылына оңтүстік өңірлерден жастарды көбірек тартуды мақсат етіп отыр.
Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров