• 21-03-2025

Алматыда 1 млрд теңгеге бағаланған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Алматы прокуратурасы құны 1 млрд теңгеден асатын үй құрылысы бар жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Бұл жер учаскесі қылмыстық топтан тәркіленген. 2017 жылы сот ұйымдасқан қылмыстық топқа үкім шығарды. Олар заңсыз ақша алып, мемлекетке 27,7 млрд теңге шығын келтірген.

Іс материалы бойынша бұған дейін ғимараттары бар бірнеше жер тәркіленген. Алайда нысандардың бірі мемлекетке өтпей қалған. Прокуратура істі қайта қарап, әкімдік учаскені мемлекет балансына беруге қаулы шығарды.