Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Жетісу облысының аумағымен кезінде Жібек жолының бір тармағы өткені белгілі. Бүгін аймақ тұрғындары бір сәтке сол өткен ғасырға сапар шегіп қайтты. Наурыз мерекесіне орай аудан-қалаларда бір мезетте керуен көші ұйымдастырылды. Айтулы шараның ең ауқымдысы Талдықорғанда өтіп жатыр.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Көшпелі өркениетімізді паш еткен керуен Талды қаланың қақ ортасынан бастап Жастар саябағына қарай бағыт алды. Әз-Наурыз мерекесіне орайластырылған шараға мыңнан аса адам қатысып жатыр. Олар аса таяғын ұстаған абыз, ақ кимешекті әже, сауыт сайманын асынып бес қаруын сайлаған батыр ретінде салт-дәтүрімізді дәріптеп келеді. Қыран баптаған құсбегілер, тұлпарынын тақымдаған атбегілер шеруге ерекше сән берсе, ал өнер ұжымдарынан жасақталған сал-серілер көше бойындағы көпшілікті ән мен жырға бөледі. Атқа жегілген күйме, қомдалған түйе осының барлығы қала тұрғындарға көшпенді өмірді көрсеткендей әсер қалдырды. Спортшылар да салауатты өмір салтын насихаттап жатыр. Көпшіліктің қызығушылын тудырған шара жайлы ұйымдастырушылардан сұрап көрейік?
Керуен көшін Жастар саябағында «Жетісу сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі қарсы алады. Өнер ұжымдары көпшілік назарына әз-Наурыз мерекесіне арналған концертті ұсынады.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...