МӘМС жүйесін ауқымды өзгерістер күтіп тұр
МӘМС пакеті арқылы көрсетілетін қызмет түрлерінің саны артады. Мәжіліс міндетті әлеуметтік медициналық сақта ...
Қазақстандағы атқарушылық, өкілеттік және сот билігіндегі әйелдердің үлесі бүгінде 30%-ті құрап отыр.
Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымында депутат ханымдар саны белгіленген 30%-тік квотадан аспайды. Мәжіліс депутаты Наталья Деменьтева саясатқа араласуға дайын ханымдардың қатары көбейгенін айтады, деп хабарлайды 24kz.
Олардың заңнамалық өзгерістер жасауға өз үлесін қосқанын қалайды.
Мәжілістегі жиынның басталуына бір сағаттан кем уақыт қалғанда депутат ханым елдегі гендер мәселесіне қатысты тұщымды ойын жеткізіп үлгерді. Оның айтуынша, әйел адамның қолынан келмейтін дүние жоқ. Аяулы жар, сүйікті ана, сенімді серіктес, сырлас дос бола білетін әйелдің қоғамдағы азаматтық рөлі орасан зор.
Бақыт Топтаева, тілші:
- Кейде әйел адам үйде емес, түзде демалады деген ойлар айтылып жатады. Қаншалықты келісесіз бұл оймен?
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бір жағынан дұрыс, екінші жағынан әйелдің қолынан бәрі келеді. Өйткені біздің ата-аналарымыз әйел бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен тербетеді. Сондықтан әйелдің қолынан не келеді? Не келмейді? Бәрі келеді ғой. Сондықтан кез-келген әйел өзіне жүктелген жауапкершілігін сезініп тұрады. Сондықтан, ол менің өз ойым, Құдай оған қосымша күш-қуат береді.
Мәжілістегі заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі бүгінде күш-қуатын сарқа жұмсайды. Осылай тұтас елдің өміріне елеулі ықпалын тигізер салаға серпін беруге барынша атсалысып келеді. «Парламенттегі әрбір депутат сияқты бұл миссиямды 100% жауапкершілікпен орындауға тырысамын», - дейді Наталья Дементьева.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Кез келген заңға енгізілетін түзетудің өзі ертең азаматтарымызға ел халқына әсер ететінін біз өзіміз білеміз. Сондықтан кез-келген түзетуді енгізгенге дейін жүз, мың рет ойланасың. Ертең халыққа қалай әсер етеді? Халыққа пайда әкеледі ме? Сондықтан, әрине, жауапкершіліксіз болмайды
Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымындағы әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үлесі 30%. «Мемлекет басшысы гендерлік теңдік мәселесін үнемі назарда ұстайды», — дейді депутат ханым. Десе де, төменгі палатадағы әйел санын көбейте түссе, нұр үстіне нұр болар еді деген ойын жасырмады.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Менің ойымша, әйелдер санын бөлек санау керек деп санаймын. Өйткені елімізде қаншама белсенді, қаншама саясатқа кірем дейтін әйелдер бар. Біз мысалы қазіргі кезде саясатпен айналысқысы келетін әйелдермен жұмыс істеп отырмыз. Олардың идеяларын, олардың жобаларын тыңдап болғаннан кейін олардың нағыз саясаткер деп түсінеміз. Оларды неге кіргізбеске? Сондықтан оған әрине қосымша квота болуға тиісті деп ойлаймын.
Депутат ханымдардың әлеуметтік-саяси мәселені жиірек көтеретіні рас. Сондықтан олардың Парламенттегі рөлі жоғары. Алайда, Наталья Дементьеваның пікірінше, ел тағдырына ықпал етер заң жобаларын талдауда депутаттың жынысы жоқ. Жауапкершілік, күш-қуат, аманат. Осы үш ұғымды ту еткен депутат ханым: «Адал қызмет етіп, өз еліме еңбегімді сіңірсем», - дейді.
Авторлары: Бақыт Топтаева, Мұхамедәлі Тілдебаев