
Наурыз мерекесін тойлау кезінде Балқаш қаласының орталық алаңында түйе арбаға жегіліп тұрған жерінен кенеттен шауып кеткен. Жануарды тоқтатуға тырысқан үйретушісі оны тежей алмаған. Осылайша түйе ер адамды құлатып, таптап кете жаздаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Балқаш әкімдігі бұл оқиға Мәдениет сарайының жанында болғанын хабарлады.
«Түйемен серуендеуге жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсат құжаттарынсыз ұйымдастырылған. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және бағу ережелерін бұзу салдарынан түйе агрессия көрсеткен», – деп мәлімдеді әкімдік баспасөз қызметі.
Полиция жануар иесіне қатысты «Көріктендіру ережелерін бұзу» және «Мал жаю қағидаларын бұзу» баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Әкімдік ер адамның медициналық көмекке жүгінбегенін атап өтті.
«Осындай ойын-сауық ұйымдастырушыларының назарын аударамыз: жануарларды пайдалану бойынша қызметтер заң талаптарына сәйкес келуі және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс», – деп ескертті жергілікті билік.
TOP
-
Жүгенсіз жүргізуші: Желіде полиция қызметкерлерін елемей, аулада ылаң салған ақтөбеліктің әрекеті тарады (ВИДЕО)
22.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-