• 16-03-2025

Бокс жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының бағдарламасына қосылды

Азияның Олимпадалық Кеңесі биыл Бахрейнде өтетін III жасөспірімдер арасындағы Азия Ойындарының бағдарламасына бокс енгізілгенін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды 1bol.kz.

Бұған дейін жасөспірімдердің жарыс бағдарламасында бокс бәсекесі жоқ болған еді. Бұл мәселе бойынша жаңадан құрылған World Boxing федерациясының ХОК тарапынан уақытша мойындалуы және аталмыш ұйымның осы бағытта жұмыс істеуі себеп болып отыр.

Жарыс форматы мен іріктеу кезеңі жайында қосымша ақпарат кейінірек жарияланбақ.

Жасөспірімдер арасындағы Азия Ойындары алғаш рет 2009 жылы Сингапурда, ал 2013 жылы Қытайда өткізілген. Бұл ойындар — 18 жасқа дейінгі жастар қатысатын Азия құрлығының төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын маңызды жарысы.