Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Бүгін футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің матчтары өтеді.
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтеншнейнмен ойнайды. Матч алдында ұлттық құраманың бас бапкері мен футболшылар журналистер сауалына жауап берді. Олар Уэльстен ұтылып қалған соң, қалай да жанкүйерлерді қуантуға күш саламыз деп отыр. Лихтенштейн мен Қазақстан арасындағы кездесу түнгі 12.45-те басталады. J тобында Қазақстан, Лихтенштейн, Уэльс, Бельгия және Солтүстік Македония бар. Алғашқы турда біздің футболшылар Уэльстен 1:3 есебімен ұтылып қалды.
Әли Әлиев, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:
- Маған команданың талпынысы ұнайды. Уэлспен болған матчта бізге сәттілік жетіспеді. Біз бұл жолы қалай да ұпай алуға тырысамыз. Команда физикалық және психологиялық тұрғыда алдағы матчқа дайын.
Әділбек Жұмаханов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы:
- Бапкерлердің қойған тактикасын жүзеге асырып, алдыңғы ойындағы қателіктерді жібермей, керісінше, ертең жеңісті сериямызды бастаймыз деп сенемін.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...