Отандық медицина: қатерлі ісік пен жүрек ауруларының қалай алдын аламыз?
Әлем дерт атаулымен күресте түрлі әдістерді меңгеріп, технологияның алуан тәсілін енгізіп жатқанымен, аурудың азая ...
Эр-Риядта АҚШ-Украина келіссөздері бүгін қайта жалғасты.
Бұл туралы «Франс-Пресс» агенттігі хабарлады. Екі жақ кеше жүздесіп, қақтығысты тоқтату жолдарын талқылаған еді. Бүгінгі басқосуда нендей мәселе қаралатыны әзірге белгісіз. Ал АҚШ-Ресей делегацияларының кездесуі өткен түнде аяқталды. «Рейтерс» агенттігі таратқан ақпаратқа сай, келіссөз сәтті өтті. Бүгін тараптар мәлімдеме жасайды. Халықаралық агенттіктің хабарлауынша, басқосуда Қара теңізде оқ атпау мәселесі қаралды. Келісім күшіне енсе, кеме қатынасы қайта қалпына келеді. Ресейлік делегацияны сенатор Григорий Карасин мен Федералдық қауіпсіздік қызметі директорының кеңесшісі Сергей Беседа бастап барды. АҚШ делегациясының құрамында Мемлекеттік департаменттің Саяси жоспарлау бойынша директоры Майкл Энтон бар. Украина президенті Владимир Зеленський Эр-Риядтағы келіссөздерді қауіпсіздік пен бейбіт өмірге бағытталған қадамға теңеді. Сондай-ақ бүгін Ақ үй Киевпен сирек металдар бойынша келісімге келді. Америка басшысы «таяуда тиісті құжатқа қол қойылады» деп мәлімдеді.
Әлем дерт атаулымен күресте түрлі әдістерді меңгеріп, технологияның алуан тәсілін енгізіп жатқанымен, аурудың азая ...
Үкімет басшысы сондай-ақ Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Олжас Бектенов мұнда да су шаруашылығы ...
Өзбекстан үкіметі Абайдың 180 жылдығын атап өту бағдарламасына 152 млн сум қаржы бөлді . Бұл сома мәдени іс- ...