Алматы облысы Балқаш ауданы Миялы ауылынан 20 шақырым жерде бір отбасы жеңіл көлікпен саңырауқұлақ жинауға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалғандардың туыстары дабыл қағып, құтқарушылардан көмек сұрағаны айтылды .
«ТЖМ іздестіру тобы жоғалған отбасын тапты. Отбасы асуда батпаққа батып қалып, қозғалысын жалғастыра алмағаны белгілі болды», – делінген хабарламада.
ТЖМ «әрдайым өз жоспарларыңыз туралы жақындарыңызға хабарлап отыруға» кеңес берді.
фото: stock.adobe.com