Түркістанда кәсіпкерлердің қолдауымен өрт сөндіру бекеті ашылды
Жоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Түркістан облысының Құтарыс ауылында "Ауыл құтқарушылары" ба ...
Биыл ауыл халықының 99%-ін орталықтандырылған ауызсу желісімен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты. 2019 жылдан бері елде инфрақұрылымды дамыту мақсатында өңірлік стандарттар жүйесі қолға алынды. Жүйеге сәйкес ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 97,8%-ке, электр қуатымен қамтамасыз ету 99,8%ке жетті. Сондай-ақ биылдан бастап Президенттің Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес дамуында алшақтық бар өңірлерді бюджеттен қаржыландыруға басымдық беріледі. Бұл жұмыстар 2027 жылға дейінгі ауылдық аймақтарды дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асады. «Ауыл – ел бесігі» жобасына бөлінетін қаржы да ұлғаймақ. Жалпы 2019 жылдан бері жоба шеңберінде инфрақұрылымды дамытуға 701 млрд теңге қаржы бөлінді. 2002 ауылда 6600-ге жуық жоба іске асты.
Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
- Нәтижесінде 5,3 мың шақырым көлемінде инженерлік желілер, сондай-ақ 7,9 мың шақырым ауылішілік жолдар жаңғыртылды. Сонымен қатар басқа да әлеуметтік нысандар жаңадан салынып немесе қайта жаңғыртылды. Биылғы жылға да 500-ге жуық ауылдық аймақтарда 900-ден астам жобаны іске асыруға 176,4 млрд теңге бюджеттен бөлініп отыр. Бұл жобалар да бұған дейін айтқанымдай, әлеуметтік және инфрақұрылымдарды жаңғыртуға бағытталатын болады.
Жоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Түркістан облысының Құтарыс ауылында "Ауыл құтқарушылары" ба ...
Алматы қаласындағы 4323 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысанда мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасалға ...
Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-грузин ынтымақтастығының перспективаларын талқылап, екі ел арасынд ...