Жеке ұшақтар — жылдам да жайлы әуе тасымалының заманауи түрі. Ол жолаушыларға әуежайдағы ұзын-сонар кезектен, рейстің кешігуінен құтылуға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандағы ішкі рейстер бағасы
Қазақстан ішінде жеке ұшақты жалға алу бағасы 10 000 доллардан басталады. Мына жерде ең танымал бағыттар мен олардың орташа құны көрсетілген:
Астана – Алматы (1 сағат 40 минут) – 14 000 доллар (≈7 042 000 теңге)
Астана – Қостанай (1 сағат) – 12 000 доллар (≈6 036 000 теңге)
Астана – Ақтөбе (2 сағат) – 24 000 доллар (≈12 072 000 теңге)
Алматы – Шымкент (1 сағат 10 минут) – 12 000 доллар (≈6 036 000 теңге)
Астана – Өскемен (1 сағат 30 минут) – 18 000 доллар (≈9 054 000 теңге)
Алматы – Павлодар (1 сағат 35 минут) – 14 000 доллар (≈7 042 000 теңге)
Астана – Қызылорда (1 сағат 30 минут) – 20 000 доллар (≈10 060 000 теңге)
Бұл бағалар тек шамамен алынған және түрлі факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Халықаралық рейстер бағасы
Қазақстаннан халықаралық бағыттарға ұшу құны әлдеқайда жоғары. Жеке ұшақты жалға алу 40 000 доллардан басталып, 160 000 еуроға (≈87,7 миллион теңге) дейін жетуі мүмкін.