Қазақстан-БАӘ: инвестициялық ынтымақтастықтың игілігі мол
Қазақстан инвестициялық тартымды елге айналды. Осы күні Қытай, Ресей, АҚШ, Еуроодақ, Таяу Шығыс, Азия және басқа д ...
Биыл Ақмола облысында ана мен бала өлімінің екі дерегі тіркелді, деп хабарлайды 24KZ. Қайғылы жағдайға туберкулёз ауруының асқынуы мен дәрігер көмегіне уақытылы жүгінбеу себеп болған. Акушер-гинеколог тапшылығы да өңірде өзекті болып отыр. Қазір перинаталдық орталықтарда 22 маман жетіспейді.
Аймақта ана мен бала өлімі деңгейі көбеймесе, азаймай тұр. Мысалы, соңғы екі жылда бір дерек тіркелсе, биыл аяғы ауыр болған екі әйел бақилық болды. Оның бірі ұзақ уақыт туберкулёз дертімен ауырып, дәрігерге тексерілмеген. Тіпті жүктілігінің 5 айына дейін дәрігерлік есепке де тұрмағаны белгілі болды.
Алма Кұрмашева, облыстық көпбейінді аурухана директорының орынбасары:
- Біз барлық анаға бірдей қараймыз. Бірақ кейбір аяғы ауыр әйелдер ауруханаға уақытылы келіп тексерілмейді. Соның кесірінен осындай қайғылы жағдай тіркеліп жатады.
Қазір облыс бойынша аяғы ауыр 7300 әйел дәрігерлік есепте тұр. «Бірақ медициналық тексеруге немқұрайлы қарайтындар жетіп артылады», – дейді мамандар. Бұдан былай олар цифрлы орталықтандырылған жүйеге енгізіледі. Оның артықшылығы неде?
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
- Былтыр 9 мың нәресте дүниеге келетін болса, соның 7,5 мыңы ғана есепте тұрған екен. Ал 1,5 мыңы нағыз босанатын кезде келген. Енді цифровизация арқылы 15 жастан бастап 49 жасқа дейін жүкті болатын әйелдерді есепке алып, қолдап, осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу – басты міндетіміз.
Өкінішке қарай, кадр тапшылығы мәселесі де ана мен бала өлімінің көбеюіне бірден-бір себеп. Қазір аймақта акушер-гинеколог жетіспейді. Бұның бәрі қызмет көрсету сапасына кері әсерін тигізіп келеді.
Олеся Аришета, қала тұрғыны:
- Иә, проблема бар. Бірінші дәрігерлердің жетіспеушілігінен сағаттап кезек күтіп қаламыз. Жазылған уақытта қабылдамайды.
Анна Ольховикова, қала тұрғыны:
- Шұғыл мәселе болып, дәрігерге жазыла қойсақ, бір айға дейін күтуге тура келеді. Әрине, мұндай жағдайда тосып отырмайсың ғой. Ақылы дәрігерлерге жүгінуге тура келеді. Ал қалалық балалар емханасында ана мен бала бөлмесі жоқ. Пандус жұмыс істемейді. Қыс кезінде «коляскамен» барсаң, әуре-сарсаңға түсесің.
Облыста кадр тапшылығын шешу мақсатында биылдан бастап жас дәрігерлерге төленетін көтермеақы екі есе ұлғайды. Әсіресе ауылдық жерлерге баратын жас мамандарға 5 млн теңге төленеді. Ал қалалық ауруханаға орналасқандар 2,5 млн теңгеден алады.
Авторлары: Абзал Балтабаев, Евгений Шинкаренко