• 29-04-2026

Алиса ЖИ көмекшісі және "ақылды" жарығы бар Станция 3 сатылымға шықты

Қазақстанда ЖИ көмекші Алиса орнатылған колонканың жаңа үлгісінің сатылымы басталды. Оны Yandex Qazaqstan ұсынып отыр. Станцияның дауыспен басқаруға болатын интерьерлік жарықтандырғышы бар, оның көмегімен үйдің ішінде жайлы кештен жарқын да жарқыраған шоуға дейінгі түрлі көңіл-күй тудыруға болады.

Ақылды жарықтандыру және жарық түрлері

Станция 3 үй интерьерінің елеулі бір бөлігіне айналып, кез келген бөлменің акустикасына ыңғайлана алады. Интерьер жарықтандыруы 16 миллионға дейінгі түсті және басқа да көптеген жарық режимінде жұмыс істейді. "Жарық музыкасы" және "Стробоскоп" режимдері трек ырғағына бейімделіп, жарыққа музыка тактісіне орай құбылуға мүмкіндік береді. Бұл динамикалы әсермен қатар "Шырағдан", "Лава-шам", "Солтүстік шұғыласы" сияқты режимдер де қолжетімді – олардың бір бөлігі қалаған уақытта қосымша арқылы өшіріп тастауға болатын фон дыбыстарымен толықтырылған.

Қолданушы жарықты "Дом с Алисой" қосымшасы арқылы дауыспен, корпустың жоғарғы жағындағы сенсор панельдің көмегімен немесе тіпті қараңғыда сипап тауып алуға болатын бедерлі батырма арқылы басқара алады.

Room Correction 2.0 технологиясы және ауқымды дыбыс

Станция 3-тің дыбысы алдыңғы буынмен салыстырғанда қуаттырақ және ауқымдырақ бола түсті. Оған әр жаққа бағытталған кең жолақты үш дауыс зорайтқыш және қарама-қарсы орналастырылған екі, жалпы қуаттылығы 50 ВТ-тық, төмен жиіліктегі динамик, сондай-ақ екі пассив дыбыс шығарғыш жауап береді.

Бұл колонкаларда Room Correction 2.0 технологиясы алғаш рет қолданылды. Оған орнатылған алгоритм бөлменің көлемі мен формасын, сондай-ақ дыбыс шашыратқыш және дыбыс жұтқыш аймақтарды талдай алады. Соның арқасында дыбыстау колонка пәтердің қай жерінде тұрғанына қарамастан, біркелкі және теңгерімді болып қала береді.

Фото: Яндекс.Алиса

Ақылды үйдің әмбебап орталығы және шу детекторы

Станция 3-ті ақылды үйдің әмбебап хабы ретінде қабылдауға болады. Колонка Zigbeе-дегі, Wi-Fi-дағы және Matter over Wi-Fi-дағы құрылғыларды қолдайды, ал Zigbee-құрылғылар қатысуымен орнатылған сценарийлер интернет жоқ кезде де жұмысын жалғастыра береді.

Станция 3 үшін арнайы шу анықтағыш жасалған. Кіріктіріп орнатылған ЖИ алгоритмдері дыбыстың сегіз түрін тани алады. Оның арасында шапалақ, саусақ сыртылы, судың сылдыры, дабыл, сынған әйнек дыбысы, баланың жылағаны, иттің үргені және мысықтың мияулағаны да бар. Осы белгілердің негізінде автоматтандыру сценарилерін түзуге болады. Мысалы белгілі бір дыбыс ойнағанда, Станцияны push-хабарлама жіберуге, жарықты өшіруге немесе пердені ысыруға баптап қоюға болады.

ЖИ көмекші Алиса

Станция 3-те пайдаланушыларға ЖИ көмекші Алиса мүмкіндіктерінің толық жинағы қолжетімді. Ол күнделікті тірліктің бәрінде көмектеседі: ауа райын хабарлайды, балаларға ертегі оқып береді, түрлі тақырыпта ақпарат табуға көмектеседі, музыканы және ақылды үйді басқарады, ескертулер мен уақыт белгілерін қояды, әңгімелеседі. Алиса пайдаланушының даусы мен қажеттіліктерін еске сақтай алады, осының арқасында ол нақты бір қолданушыға бейімделеді.

Яндекс Станция 3
Фото: Яндекс.Алиса

LED-дисплей және дизайн

Беткі панельдегі пиксельдік LED-дисплей флагман құрылғы – Макс Станциясының мүмкіндіктерін мұра етіп алған. Ол уақыт пен ауа райын, сондай-ақ музыка ойнату кезінде эквалайзер анимациясын көрсетеді. Дисплейдің жарығын қолмен басқаруға да, автоматты режимде қалдыруға да болады, ал "Мазаламаңыз" функциясы экранның ішкі жарығын түнде толық өшіріп қояды.

Станция 3 қара және сұр түстерде қолжетімді. Кейінірек сатылымда күлгін түсті үлгісі де шығады. Корпус жұмсақ акустикалық матамен қапталған, ал сүйірленген формасы мен айналмалы сенсорлық слайдер колонканы интерьердің мағыналы бөлшегіне айналдырады. Станция 3 "Технодом", "Мечта", Sulpak, сондай-ақ Алисаның ресми дүкендерінде онлайн және оффлайн сатылымда.

Yandex Qazaqstan туралы

Yandex Qazaqstan – машиналық оқыту мен нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистерді жасайтын технологиялық компания. Компания Қазақстандағы цифрлық ортаны дамытуға және пайдаланушылардың өмірін жақсартуға бағытталған инновациялық технологияларды жасаумен және қолданысқа енгізумен айналысады. Қазір елде іздеу, қалаға арналған, бұлттық және көңіл көтеру сервистері жұмыс істеп тұр, сондай-ақ компания білім беру және әлеуметтік бағыттағы жобаларды дамытып отыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз