• 15-03-2025

Байғаниннің баянды құбылысы

Биыл көрнекті ақын Нұрпейіс Байғаниннің туғанына – 165 жыл. Осыған орай Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Ер туралы жыр» деп аталған мәдени-танымдық іс-шара өтіп, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан ақынның шығармашылық мұрасы ардақталды.

Рухани кешке әдебиет­шілері, өнер­танушы ғалымдар, музей ма­ман­дары мен жоғары оқу орын­дарының студенттері қатысты. Жүздесуде ақынның «Қа­ра­сай – Қази», «Нарқыз», «Ақ­кен­же» секілді танымал дас­тан­­да­ры­ның шығу тарихына қ­а­тыс­ты қызықты деректер айтылып, музей қорында сақталған фото­құжаттары көрермен назарына ұсынылды.

ва

Іс-шараны ашқан Мемлекет­тік орталық музей директо­ры­ның міндетін атқарушы Ғалия Теміртон адамгершілік пен адал­дықты, әділдік пен ізгілікті дәріптеген ақын мұрасы жас ұрпаққа жарқын үлгі екенін айтып, тұлғалар тағылымын насихаттау музей жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Жып-жылы кеште Н.Байғанин­нің Екінші дүниежүзілік со­ғыс ­туралы жазған «Ер туралы жыр», «Жиырма бес» секілді отты поэ­малары жауынгерлерге жігер бергені, осылайша өршіл жырау жалынды жырымен Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқаны кеңінен айтылды.

«Халқымызда жырау-жыр­шы­лардың ұлы толқын мектебі бар. Сыпыра жыраудан бастап Асан қайғы, Қазтуған, Шал­киіз, Доспамбет деп тізбектей беруге болады. Осы мектепті жал­ғастырған арда өнердің көрнекті өкілдерінің бірі – Нұрпейіс Бай­ғанин. Уақыт тынысын, замана үнін, халық мұңын жыр­лаған ақынның есі­мі зерделі ұрпақтың жа­дынан ұмытылмауға тиіс. Ол батырлық туралы жырларында ауыз әде­биетінің үлгілерін шебер пайдаланып, оны жазба әдебиеттің биігіне көтере білді», дейді профессор Жұ­мат Тілепов.

ап

Атаулы іс-шарада Нұр­­пейіс Байғанин­нің шөбересі Ерболат Бай­ғанин, М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инс­титуты Қолжазба және текстология орта­лығының дирек­торы, филоло­гия ғылымдарының кандидаты Жұмашай Сай­лауқызы, профес­сор Серікқазы Қорабай, пуб­лицист, сценарист Қалды­гүл Жаны­баева, т.б. қонақтар жырау­дың шығармашылығына, өмір тынысына қатысты тың ақпа­раттармен бөлісті.

Нұрпейіс Байғанин – 1860 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданында туған. 15-16 жасында «бала жыршы» атанып, айтысқа түсіп, батырлық жырларын үйренеді. Шернияз, Махамбет, Қашаған сынды ақын-жыраулардың тол­ғауларын жатқа айтып, олар­дың шығармашылығын жұрт­шы­лыққа кеңінен дәріптеп, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қырымның қырық батыры» сияқты 50-ден астам эпос­ты жырлап, олардың елеусіз қал­мауына зор еңбек сіңірген.

АЛМАТЫ