Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Алматы облысының полициясы Қаскелеңдегі сот аумағынан адам зорлады деген айыппен қамауға алынған адам қашып кеткеннен кейін мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, тергеу-қамауға алынған адам қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қашқынды ұстау бойынша іс-шаралар кешені қабылданған.
Сонымен қатар, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс тағайындалған.
"Азаматтардан сабыр сақтауды және іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда 102 телефоны бойынша дереу хабарлауды сұраймыз", — деді Алматы облысының Полиция департаменті өкілі халыққа.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Алматы облысында 1 сәуірде таңертең аудандық сот аумағынан қамауға алынған адам қашқаны туралы ақпарат тарады, ол адам зорлады деген күдікпен ұсталған.
Әлеуметтік желілерде облыста "Сирена" арнайы жоспары енгізілгені туралы ақпарат тарады, патрульдер күшейтіліп, блокбекеттер орнатылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...