Апельсин шырынының ағзаға қандай пайдасы бар?
Апельсин шырыны көпшілік үшін жай ғана таңғы аста ішетін сусын болғанымен, жаңа зерттеулер оның ағзаға әсері әлдеқай ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін жылжымалы оңалту топтары құрылды. Арнайы бригада қозғалысы шектелген азаматтардың шақыртуымен үйіне барып, ем-дом шараларын жүргізеді. Мұндай қызмет түрі кембағал жандардарың өтінішімен өңірде алғаш енгізіліп, екі айда өз нәтижесін бере бастады. Қазір мамандар өз құрал-жабдықтарымен тұрақты түрде 40 адамға барып, массаждан бөлек буындарды қозғалтуға бағытталған түрлі физикалық жаттығу жасауға көмектеседі. Мобильді топ қызметі әсіресе көпқабатты үйде тұратын азаматтарға өте қолайлы болып отыр. Жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 30 миллион теңге қаржы қарастырылды.
Анар Басшығұлова, қала тұрғыны:
Орталыққа бару үшін көмек сұрайтын едік. Қазір үйге келеді, жақсы болды. 3-қабат қиын ғой.
Ермек Мизамбаев, Жетісу облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
Талдықорған қаласы бойынша біз 200-ге жуық азаматты оңалту шараларымен қамтимыз. Жалпы, осы облыс орталығына жақын орналасқан аудан орталықтарына осы қызметті жалғастыруға, яғни ауқымын кеңейту жоспарымызда бар.
Қуаныш Қанатұлы
Апельсин шырыны көпшілік үшін жай ғана таңғы аста ішетін сусын болғанымен, жаңа зерттеулер оның ағзаға әсері әлдеқай ...
Скрининг ретинопатия қаупі бар 6225 баланың 17 пайызында сырқат белгілерін анықтаған. Олардың 399-ына жедел ем жасалды ...
Ақ үй тексеру нәтижелерін жариялады. АҚШ президенті Дональд Трамп қазан айында МРТ-дан өткен болатын. Ақ үй те ...