Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Петропавлдың қалалық соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқарған сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысқандарға үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Бұл қылмысты жасағандар облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты, «Петропавлда су тазалау, тарту және өткізу» МКК директоры Павел Булаев бастаған топ. Ол өзінің бағынысындағы Д.Маршалов, Л.Шакшакбаев және Р.Яковенкомен бірлесіп, жалған компаниялар тіркеп, оларға кәсіпорынға қажетті түрлі жұмыстарды атқарды деп 2020 мен 2022 жыл аралығында бюджет қаражатын аударып отырған.
Іс жүзінде бұл жұмыстарды мемлекеттік кәсіпорынның өзі атқарған. Ал қылмыскерлердің жалған кәсіпорындарында ешқандай адам күші де техника да болмаған.
Қылмыстық іс сотта алты ай бойы қаралып, жүздеген куәгерлерден жауап алынды. Ақырында сот П.Булаевты – 8 жылға, қалғандарын 7,5 жылдан бас еркінен айыру туралы үкім шығарды. Сотталғандардан мемлекет есебіне 805 млн теңге өндіріп алынды және қылмыстық әрекетпен тапқан мүліктері тәркіленді.
ПЕТРОПАВЛ
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Петропавлдың «Жас өркен» шағын ауданында 280 орынды қазақ балабақшасы ашылды, деп жазады Egemen.kz. ...