Қызылордалық оқушылар донорға арналған смарт-қосымша жасады
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Елде 3 жарым миллионнан астам адамға құмар ойын ойнауға тыйым салынған.
Олардың 250 мыңға жуығы мемлекеттік қызметшілер мен күштік құрылымдардың өкілдері. Соған қарамастан жастар арасында лудоманияға шалдыққандар саны азаймай тұр.
Аты-жөнін атамауды өтінген 34 жастағы азамат лудоманиямен 13 жыл ауырған. Букмекерлік кеңселер мен казиноларға бәс тігемін деп бас-аяғы 400 миллион теңгеге ұтылған. Қазір 10 айдан бері Астанадағы оңалту орталықтарының бірінде емделіп жүр.
- Осының кесірінен алдымен үйімді, артынан көлігімді саттым. Кейін жанұям мен туыстарым, достарым менен алшақтай бастады. Өмірдің мәні кеткенін түсініп, суицид жасауға оқталдым. Ақыры оңалту орталығының көмегіне жүгіндім. Қазір 10 ай болды бір де бір бәс тікпедім. Өмірім жақсы жағына өзгеріп келе жатыр.
Құмар ойын құрдымға апаратын қауіпті үрдіс. Ойынқұмарлар мен маскүнемдер, нашақорлар секілді ұзақ емделуді, оңалтуды қажет етеді. Арнайы орталықтарда оларға кезең-кезеңімен психологиялық әрі әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Аян Сыздықов, аддиктолог:
- Мысалы, біздің орталықта лудомандарға кәсіби психологтар мен аддиктологтар көмек көрсетеді. Пациент үнемі біздің бақылауымызда болады. Әрі оған қатысты ақпарат анонимді түрде жария етілмейді.
Бүгінде қоғамның құмар ойындарға қатысты сауаты жоғары. Бұрын олар емші, бақсыларға барып емделсе, қазір бірден оңалту орталықтарына келеді. Сондай-ақ мамандар лудоманиямен ауыратындар санын нақты болжап, білу мүмкін емес екенін айтады.
Әбдел Балтатегі, ҚР ТСМ Ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы мониторинг және құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы:
- Біз үлкен әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Қазақстан бойынша 6 мыңнан астам адаммен сұхбаттастық. Осыған қатысты 20 сарапшы өз пікірін білдірді. Нәтижесінде біз шамамен 500 мыңнан астам адамның құмар ойындарды тұрақты түрде ойнайтынын анықтадық. Бірақ біз олардың барлығын лудоман деп айта алмаймыз. Себебі ол ар жеке басына қатысты ақпараттың құпия болғанын қалайды. Сондықтан елде нақты қанша лудоман бар екені туралы статистика жоқ.
Қазір елде заңды түрде тіркелген 12 букмекерлік кеңсе бар. Ал өткен жылдары Туризм және спорт министрлігі 4 мыңнан астам заңсыз онлайн-казино сайт мен чаттарды бұғаттаған.
Мерей Қанапия, Артур Горшняков