Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Атырауда табиғат жанашырлары мен дін өкілдері экологиялық мәдениет мәселесін талқылады, деп хабарлайды 24KZ. «Таза Қазақстан: Иман. Ынтымақ. Тазалық» тақырыбында өткен алқалы жиынға дін өкілдері және мәслихат депутаттары, Ассамблея жастары, экобелсенділер мен үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.
Рухани тазалық пен экологиялық мәдениетті ұштастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндалды. Кездесуде өңірдің бас имамы, Успен шіркеуінің діни қызметкері, Рим-католиктік апостол әкімшілігінің өкілі өз баяндамаларын жасап, діннің табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға, бейбітшілік пен бірлікке үндейтін рухани негіздерін түсіндірді.
Нұрлан Жантоқов, облыстық Табиғи ресурстар және ТПР басқармасының басшысы:
- Бұл тазалық үшін бізбен бірге, халықпен бірге болуға шақыру туралы үлкен жасалып жатқан дөңгелек үстел. Мұның үлкен нәтижесі болуы керек деп есептеймін. Оның ішінде соңғы кездерде иман жолында жүрген жастарымыз да бар. Католиктер де бар. Солардың барлығын осы үлкен шараға тарту бойынша жасалып жатқан жұмыстардың бірі.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...