Эпидемиологтар отбасы
Саналы ғұмырын медицинаға арнаған Көпбаевтар әулетін талдықорғандықтар жақсы біледі. Отбасы мүшелерінің барлығы д ...
Медицина саласындағы қағазбастылықтан құтылып, жұмысты ширатуға цифрлық жүйелер көп септесті . Десе де, салада қордаланған мәселе көп, цифрландыру жұмысты қаншалықты жүйелей алады?
Айнұр Қуатқызы, тілші:
- Еліміздің денсаулық сақтау саласында ілгерушілік бар. Қазақстанда медицина саласында жыл сайын көптеген өзгерістерді байқауға болады.
Бүгінде елімізде 1900-ге жуық медициналық ұйым жұмыс істейді. Осы ұйымдар жыл сайын отандастырымызға 450 млн-ға жуық медициналық көмек көрсетеді. Қазірде салалық министрлік «жалған деректерді тіркеуге» қатысы бар деген медициналық ұйымдарды анықтай бастады. Мәселені осы цифрлық технологиялардың көмегімен түбегейлі реттеуге кірісті. Былтыр Астанадағы емханаларға қызмет көрсету фактісін растайтын Face-ID жобасы енгізілген. Демек, бұдан былай емделуші емханаға келгенде Face-ID, веб-камера көмегімен жеке басының сәйкестігін нақтылайды. Жоба қазірдің өзінде 1800-ден астам медициналық ұйымды қамтыған. Жүйені күн сайын 80 мыңнан астам қызметкер пайдаланады. Жыл басынан бері олар 66 млн-нан астам қабылдау жасаған. Нәтижесінде медициналық қызметтер көлемі 11,5%-ке азайыпты. Демек, жүйе заңсыз көрсетілетін қызметтің көлемін тежеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында медицинада ақпараттың бірыңғай дерекқорын құруды тапсырған. Біріне бірі байланысы жоқ ондаған бағдарлама мен ақпараттар базасының орнына бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасауды ұсынды. Жаңа жүйе меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын медицина мекемелерінің бәрін бақылап, мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз етуі қажет. Президент Үкіметке осы олқылықтарды түгел реттеуді тапсырды. Содан беріде салада біршама өзгеріс болды. Мысалы, еліміздің денсаулық сақтау саласында 17 ақпараттық жүйе бар болса, осы жүйелерді сегізге қысқарту жоспарланған. Осы орайда бірыңғай мемлекеттік медициналық дерекқор әзірленіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұны жыл соңына дейін аяқтауды көздеп отыр. Ал, әр адамның денсаулық құжаты да цифрлық форматта қолжетімді болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың өз аузынан естісек.
Ербол Оспанов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Медициналық құжаттарды цифрлық форматқа ауыстыру Қазір 5 цифрлық 5 құжат цифрлық форматқа ауыстырылды. Тағы да осы жылда 3-еуін ауыстыруға біз бел буып отырмыз. Ал мына ауыстырғандарды қарайтын болсақ, жүргізушілерге арналған медициналық 73-анықтама болмаса, мына жұмысқа орналасқанға байланысты 75-анықтама, балаларға арналған электрондық паспорты болмаса, мына жеке жұмысшыларға арналған жеке медициналық кітапшалар, солардың бәрін біз электронды форматқа ауыстырып, бүгінгі таңда eGov арқылы алуға болады. Ол дегеніміз, мына азаматтарға ыңғайлы, заңсыз берілетін құжаттардың айналымын қысқартуға мүмкіндік береді.
Енді жедел жәрдем қызметкерлері бейнежетон тағып жүреді. Денсаулық сақтау министрлігі ақхалаттылардың қауіпсіздігі үшін медицина қызметкерлерін видеожетон тағып жүруге міндеттемек. Камералары, GPS және дабыл түймесі бар жаңа құрылғы Астана мен Алматыда сынақтан өтіп жатыр. Болашақта видеожетонды емханадағы дәрігерлер мен медбикелер де пайдаланабақ.
Айта кетейік, өзіне қауіп төнген жағдайда дәрігер дереу полицияға SOS дабылын жібере алады. Ондағы жазбалар автоматты түрде дерекқорға жүктеледі. Жоба сәтті іске асса, еліміздің барлық жедел жәрдем қызметкерлері осы құрылғымен жабдықталады.
Айдар Қасенов, ҚР ДСМ Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті директорының орынбасары м.а.:
- Соңғы төрт жылда жедел жәрдем қызметкерлеріне, оның ішінде жүргізушілерге, фельдшерлердің өзіне 150-ден астам шабуыл жасалды. Сондықтан бұл ең алдымен біздің қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін таптырмас құрал. Бұл бейне жетондар GPS-пен жабдықталған. Яғни, олар ғимараттан шыққан бетте жұмыс істей бастайды.
Осыған дейін дәрігерлер түрлі ақпараттық жүйелерде құжат толтыруға көп уақыт жұмсайтын. Енді олардың жүктемесі 40%-ке азаяды. Дәрігерлер бүгінге дейін 4 ақпараттық жүйеде жұмыс істесе, қазір біреуін ғана қолданады. Сондай-ақ медициналық құжаттар, анықтамалар цифрлық форматқа ауысады. Қазірдің өзінде 5 құжат цифрлық форматта ұсынылады. Бұрын тек қағаз түрінде ресімделген анықтамалар да электронды нұсқада қолжетімді. Оларды eGov арқылы алуға болады. Бұл заңсыздықтың алдын алуға сеп болған.
Тағы айта кетерлігі, былтыр 1 шілдеден дәрілік заттар таңбалана бастады. 360 млн-нан астам дәрі-дәрмек таңбаланған. Жүйе жалған өніммен күресуге көмектеседі.