Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Иран Ислам Республикасы аумағынан ел азаматтары эвакуацияланды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осылайша 109 отандасымыз елге оралды.
"Азаматтар өңірдің достас мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзитпен эвакуацияланды, 89 адам Ираннан Түрікменстан арқылы, 20 адам Әзербайжан арқылы өтті. Азаматтарға консулдық-құқықтық көмек көрсетілді және Отанға оралу үшін қажет жағдай жасалды", — деп жазылған хабарламада.
СІМ баспасөз қызметі
"Қысқа мерзімде 200-ден аса азаматымыз хабарласып, оларға көмек көрсетілді. Ирандағы қазақстандықтармен үздіксіз байланыс орнатылған, алдын ала келісілген транзит бағыттары бойынша шаралар ұйымдастырылды. Отандастарымызды елге қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр", — деп жазылған хабарламада.
Қазір СІМ Қазақстан азаматтарын Израиль мемлекетінен эвакуациялау мәселесін пысықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Иран Израиль әуе кеңістігі толық бақылауында екенін жариялады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...