Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия халқын Республика күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды ...
Түркия Парламенті каннабисті, яғни, қарасораны медициналық мақсатта пайдалануды заңдастыруы мүмкін, деп хабарлайды 24kz.
Бұл бастама елдегі денсаулық сақтау саласына қатысты кешенді реформа аясында ұсынылып отыр. Заң қабылданса, дәріханаларда есірткі шөптен дайындалған дәрі-дәрмектерді сатуға рұқсат етіледі.
Меруерт Қанағат, тілші:
- Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне ұсынылған заң жобасы 29 баптан тұрады. Онда каннабисті өсіру, өңдеу және медициналық мақсатта тарату тәртібі нақты көрсетілген. Депутат Лейла Шахин Устаның айтуынша, бұл бастама – денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың бір бөлігі.
Лейла Шахин Уста, Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары:
- Каннабис фармацевтикалық белсенді заттарды алу үшін керек. Ол медициналық өнімдер, денсаулық пен жеке күтімге арналған тауарлар жасауда қолданылады. Мұның барлығы арнайы электронды жүйе арқылы бақыланады.
Заң жобасына сәйкес, ауыл шаруашылығы министрлігі қарасораны өсіру мен жинауға, ал денсаулық сақтау министрлігі өңдеу, лицензиялау және сатуға жауапты болмақ. Ал одан дайындалған өнімдер тек дәріханаларда сатылады.
Хатиже Туғче Эрен, фармацевт:
- Бұл Түркияда каннабисті медицина саласында қолдану бойынша нақты құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған алғашқы қадам. Оны әлемнің кейбір елдері бұрынан қолданып келеді. Қарасораның пайдасы әлдеқашан дәлелденген.
Жаңа заң жобасы осы саладағы құқықтық олқылықтарды жойып, бақылауды күшейтуді көздейді. Егер құжат қабылданса, Түркия медициналық каннабиске рұқсат берген елдердің қатарына қосылады. «Бұл шешім тек Түркия үшін ғана емес, жалпы аймақтағы денсаулық сақтау саласына әсер ететін маңызды қадам болуы мүмкін», — дейді мамандар.
Авторы: Меруерт Қанағат
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды ...
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 25 қыркүйекте Вашингтонда кездес ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бір палаталы Парламент құруды ұсынды, ...