Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Павлодарлық полицейлер қараусыз қалған төрт түлікті бақылауды күшейтті.
Үйірлі жылқы, сиыр мен қойлар тасжолдардың бойында, емін-еркін жайылып жүреді. Мұндай жағдай жол-көлік оқиғаларына себеп болады. Облыс аумағында жыл басынан бері 800-ден астам мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заң бойынша тұрғындар малға ие болу керек. Талап орындалмаған жағдайда мал қамалып, айыппұл салынады.
Азамат Күркебаев, ПД жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының м.а.:
- Полиция қызметкерлері күн сайын ауылшаруашылығы жануарларын тасжолдарға және автожолдарға шығуының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Мәселен, «Павлодар-Қызылорда» республикалық деңгейдегі тас жолдарда жол жиегімен еркін жүріп бара жатқан иесіз қара мал анықталды. Бұл жағдай жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері мал иелерін жедел анықтап, оларды мал жаю ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...