Алматыда 60 жыл ұстаздық еткен соғыс ардагері тұрады
Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Әбдірахман Ишмұхамедов өмірінің 60 жылын ұстаздыққа арнады. ...
Алматы әуежайында кепілге алынған қызды құтқарған қазақстандық Мұса Әбдірайым құтқарылған қызбен кездесті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.
"Кешегі әуежайда болған жағдайды бәріңіз көрген боларсыздар, бүгін қарындасымыздың жағдайын біліп қайттық, Аллаһқа шүкір бәрі жақсы, көрер күніміз жақсылық болсын ағайын!!!" – деп жазды Мұса Әдірайым.
Сондай-ақ, ол қыздың отбасымен түскен бірнеше кадрларды жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от @abdraimov_musa
Қыздың әкесі құтқарушымен байланысқа шығып, оны қонаққа шақырған. Әуежай қызметкері Ботагөздің кішкентай қызы бар екені белгілі болды.
Қыздың ата-анасы Мұса Әбдірайымға қыздарын құтқарғаны үшін алғыс айтты.
7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушы ұсталды. Ол қамауға алынды.
Артынша Президент Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты батыл азаматты марапаттауды тапсырды.
Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Әбдірахман Ишмұхамедов өмірінің 60 жылын ұстаздыққа арнады. ...
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тиісті рұқсат құжаттарынсыз цифрлық активтердің заңсыз айналымына қатысты істің ...
Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz ...