• 31-07-2025

Таиланд пен Камбоджа қақтығысы қайта ушықты

Таиланд пен Камбоджа арасындағы жағдай күрделене түсті. Таиланд қарулы күштері Камбоджа әскерін бітім режимін бұзды деп айыптады. Ресми мәліметке сәйкес Камбоджа тарапы бірінші оқ атқан.

Қақтығыс бірнеше шекаралық аймақта тіркелді. Жарақат алғандар туралы нақты ақпарат жоқ. Ал Камбоджа аталған мәлімдемені жоққа шығарып отыр. Олар бітім шартын екі ел де сақтап отырғанын алға тартады. Айта кетейік, шекарадағы ахуал шілденің 23-інде болған жарылыстан кейін шиеленісе түсті. Сол кезде жарылған мина салдарынан бес тай сарбазы зардап шекті. Кейін тараптар өзара шабуылдармен жауап қатты. Салдарынан 38 адам қаза тауып, 200 мыңға жуық бейбіт тұрғын үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды.